Ашық сабақ Математика Геометрия. 8 сынып. «Төртбұрыштар. Параллелограмм.» Ашық сабақ Математика Геометрия. 8 сынып. «Төртбұрыштар. Параллелограмм.» Ашық сабақ Математика Геометрия. 8 сынып. «Төртбұрыштар. Параллелограмм.»

Сабақ тақырыбы: Параллелограмм.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Төртбұрыш», «Параллелограмм» тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту. Параллелограмға берілген есептерді шығару ептіліктерін арттыру.
  2. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
  3. Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
  2. Үй жұмысын тексеру.

Төртбұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар.

1) Төртбұрыш дегеніміз не?

2) Дөңес төртбұрыш деп нені айтамыз?

3) Төртбұрыштың элементтері?

4) Төртбұрыштың диагональдары деп нені айтамыз?

5) Төртбұрыштың бұрыштарының қасиеті?

6) Төртбұрыштың түрлері?

  1. Параллелограмм тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау және бекіту.

Презентация көмегімен келесі анықтамалар мен қасиеттерді қайталаймыз:

· параллелограмм анықтамасы;

· параллелограмның негізгі қасиеттерін тұжырымдау;

· параллелограмның негізгі қасиеттерін сызба бойынша формулалар көмегімен көрсету;

· параллелограмның ауданын табу формулалары;

· параллелограмның түрлері.

  1. Параллелограмм тақырыбына есептер шығару.

№1. (ауызша есепте). Параллелограмның бір бұрышы 50 градусқа тең. Параллелограмның қалған бұрыштарын тап.

№2. (ауызша есепте). Параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1700. Параллелограмның бұрыштарын тап.

№3. (ауызша есепте). Параллелограмның қабырғалары 14 см және 19 см. Параллелограмм периметрін тап.

№4. (ауызша есепте). Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмының ауданын тап.

№5. Параллелограмның екі бұрышының айырмасы 700. Параллелограмның бұрыштарын тап.

№6. ABСD параллелограмм. ABD үшбұрышының периметрі 35 см. Егер BD диагоналінің ұзындығы 11 см болса, параллелограмның периметрін тап.

№7. ABCD параллелограмының А төбесінен жүргізілген биссектрисасы ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтеді. ВЕ=7 см, ЕС=5 см болса, параллелограмның периметрі неге тең?

№8. Параллелограмның қабырғалары 4 см және 6 см, ал олардың арасындағы бұрышы 300. Параллелограмм ауданын тап.

№9. Параллелограмның қабырғалары 4 см және см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.

№10. Параллелограмның қабырғалары 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап.

№5 – №10 есептерді оқушылар тақтаға шығып жазбаша орындайды.

  1. Үйге тапсырма беру.

§2. Параллелограмм және оның қасиеттері.

Оқулықтағы №56, №59, №63 есептер.

  1. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісімен төртбұрыштың анықтамасын және оның элементтерін, параллелограммның анықтамасын және оның қасиеттерін қайталап шығу. Оқушыларды бағалау.